Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.
“Ауыл шаруашылығы – азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, қажырлы еңбегіңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, жер-анамыз береке сыйласын! Біздің берекелі аймақтың ырысын арттыру жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын”,-деді облыс әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы.
Облыс әкімінің орынбасары өзсөзінде соңғы жылдары облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығының егістік, мал, азық-түлік өндіру, өсімдік шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге ие екенін ерекше атап өтті.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Еңбек ардагері» медалі, "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі және "Құрмет" грамотасы табыс етілді. Сонымен қатар, "Үздік агрокеңесші", "Жыл агрономы", "Ветеринария саласындағы ең тәжірибелі маман" секілді номинациялар бойынша ауыл шаруашылығы саласында ерекшеленген мамандар марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -