Аяз ата мен Ақшақар Астана көшелерін аралап, тұрғындарға тәттілер таратты: Астана қаласы, 30 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Аяз ата мен Ақшақар Астана көшелерін аралап, тұрғындарға тәттілер таратты

Елорданың Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін Аяз ата мен Ақшақар қала көшелерін аралады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа жылдың бас кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар Байқоңыр ауданындағы басты даңғылдар мен көшелерді аралап, тұрғындарға тәттілер таратты. Тіпті, қоғамдық көліктерге мініп жолаушыларға ән де айтқызып, би де билетті.

Мұнан бөлек, қала тазалығы үшін еңбек етіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлерін де құттықтады. Олардың еңбектеріне алғыс білдіріп, жаңа жылдық сыйлықтар да табыстады.

Айта кетейік, 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Елорданың Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін Аяз ата мен Ақшақар қала көшелерін аралады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа жылдың бас кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар Байқоңыр ауданындағы басты даңғылдар мен көшелерді аралап, тұрғындарға тәттілер таратты. Тіпті, қоғамдық көліктерге мініп жолаушыларға ән де айтқызып, би де билетті.

Мұнан бөлек, қала тазалығы үшін еңбек етіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлерін де құттықтады. Олардың еңбектеріне алғыс білдіріп, жаңа жылдық сыйлықтар да табыстады.

Айта кетейік, 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.

Аймақтағы жаңалықтар