Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдарының басшылары Астанада кездесу өткізді: Астана қаласы, 12 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдарының басшылары Астанада кездесу өткізді

Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Әлихан Смайылов Пәкістанның бас аудиторы Мұхаммед Аджмал Гондалмен келіссөздер жүргізді. Кездесу Астанада ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 28-отырысы аясында өтті.

Тараптар мемлекеттік аудит саласындағы жаңа тәсілдерді, аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу, тексеру процесіне заманауи инновациялық технологияларды енгізу және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады.

Әлихан Смайылов Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдарын екіжақты форматта да, ИНТОСАИ, АЗОСАИ, ЭКОСАИ және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде де көпжылдық қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті.

Пәкістанның Бас аудиторы Офисінің көмегімен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мамандары Лахор қаласындағы Мемлекеттік аудит және бухгалтерлік есеп академиясында оқыды. Бүгінде өзара іс-қимыл онлайн режимінде семинарлар мен тренингтер арқылы жалғасуда.

«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының желісі бойынша жемісті жұмыс жүзеге асырылуда. Биыл Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Пәкістанның жоғары аудит органдары арасында ауыл шаруашылығы саласында қатар аудит жүргізу жөнінде меморандумға қол қойылды. Біздің аудиторлар бұл жұмысқа кірісіп кетті», — деді Палата төрағасы.

Әлихан Смайылов атап өткендей, Жоғары аудиторлық палата барлық басым бағыттар бойынша Пәкістан Бас аудиторының Офисімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі. Оның ішінде тиімділік аудиті, қаржылық есептілік аудиті, электрондық аудит және т. б.

«Біздің ведомстволарымыздың өзара іс-қимылы ел игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Мұхаммед Аджмал Гондал Қазақстан мемлекеттік аудит түрлерін және ол қозғайтын салаларды кеңейтуде елеулі ілгерілегенін атап өтті.

Сондай-ақ Мұхаммед Аджмал Гондал Пәкістанда аудиттің жаңа түрлері енгізіліп жатқанын айтты. Мысалы, әсер ету аудиті екі жыл ішінде ел Үкіметінің шешімдерінің орындалу тиімділігін бағалайды.

Бұдан басқа, азаматтар қатысатын аудит енгізіледі, онда тексеру іс-шараларына халық арасынан еріктілер қатыса алады. Бұл тексерілетін саланы тереңірек зерттеуге және жалпы аудит сапасын арттыруға септігін тигізеді.

«Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық артып келеді. Аудит саласында да белсенді тәжірибе алмасу керек деп санаймын және жұмыс одан әрі жалғасатынына сенімдімін», — деді Пәкістанның бас аудиторы.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар