Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Құтқарушы күні ТЖМ жаңғыртылған командалық орталығына келді
Бүгін қазақстандық құтқарушылардың кәсіби мерекесі күні Президент Әкімшілігінің Басшысы
Айбек Дәдебай
ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының қызметімен танысты.ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов модернизацияланған ахуалдық залды көрсетті, мұнда ТЖМ жедел-кезекші бөлімі басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен өз қызметін атқарады.
Сонымен қатар Президент Әкімшілігінің делегациясы үшін ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау мен мониторингінің цифрлық жүйелерін таныстырды. Өз кезегінде Кадр қызметі және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы Анаргүл Әбуева «Кадрлар» жаңа ақпараттық жүйесін көрсетті. Осы жүйенің негізінде ведомствода қызметкерлердің жеке істері цифрландырылды, басшылық лауазымдарға кандидаттардың цифрлық рейтингі, сондай-ақ болашақта персоналмен жұмыста жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі талдамалық есептер енгізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай бірқатар тапсырмаларды беріп, ТЖМ қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады!
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -