Қазақстан СІМ басшысы Ресей Елшісін қабылдады
Астана, 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі Қазақстан мен Ресейдің сындарлы өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -