Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 24 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2024 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістің өсуі нәтижесінде 2,1%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 13,4%-ға өсу).
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 75,5% (2,1 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 4,9% (140 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,6% (129 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы қыркүйекте 1,8%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 21,4%-ға өсу), бұл жасалатын сақтандыру шарттарының және күтілетін төлемдердің өскенін көрсетіп отыр.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы қыркүйекте 2,8%-ға немесе 24,3 млрд теңгеге 898 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 0,6%-ға төмендеу).
2024 жылғы қыркүйекте сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 23,2 млрд теңге болды (2024 жылдың басынан бері – 156,6 млрд теңге).
2024 жылғы қыркүйекте жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2 019 мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 6,9%-ға аз. 2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 16,9 млн шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (3,9 млн шарт, 160,4%-ға өсу) және өмірді сақтандыру (497,3 мың шарт, 22,0%-ға өсу) бойынша шарттарға тиесілі.
2024 жылғы қыркүйекте сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 117,2 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 1,0 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 49,5%-ға көп. Көрсетілген кезеңдер үшін сақтандыру сыйлықақылары көлемінің ұлғаюы жасалатын сақтандыру шарттары санының өсу үрдісіне сәйкес келеді және елде сақтандыруға, әсіресе сақтандырудың ерікті түрлеріне сұраныстың ұлғайғанын көрсетеді.
Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады, ол бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылдың 9 айында 546,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 123,3%-ға көп. Өсу негізінен, және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 349,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты (15,6%).
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері 187,9 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға артық. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңның шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен сақтандырудың осы сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша (65,5%-ға) орын алды.
2024 жылғы қыркүйекте сақтандыру төлемдері 30,9 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 233,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға көп. Өсу, негізінен, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты, бұл 2024 жылы аталған сақтандыру сыныбының шеңберінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге жаңа арнайы әлеуметтік төлемдердің енгізілуімен байланысты.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -