Қазақстан және Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2025 жылғы 22 қаңтар – Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақтылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.
Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады.
Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -