ҚАЗАҚСТАНДА 54 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗ АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қыз егілді. Қазан айының басынан бастап республикада әр жерде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізілуде. Сондай-ақ, 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған толтыру иммундауы жүргізілуде. Өңірлердің арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, онда 11,1 мыңнан астам қыз егілді, Шымкент қаласында 5,3 мыңнан астам оқушы, Қарағанды облысында 4,3 мыңнан астам, Жамбыл облысында 4 мыңнан астам, Астанада 3,7 мыңнан астам қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін. АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуына жол бермейді.
Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімінің екінші себебі болып табылады.
Сенімді ақпарат алу үшін egu.kz сайт секілді ресми дереккөздерді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санэпидбақылау комитетінің, Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, КСЭК аумақтық бөлімшелерінің және денсаулық сақтау басқармаларының ресми парақшаларынипайдалануды ұсынамыз.
Сондай-ақ, 7701 колл-орталығы жұмыс істейді, ол бойынша АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда, вакцинациялау бойынша сұрақтарға жауап алуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -