Қазақстанда қалдықтарды бақылау күшейтілді: Жоғары аудиторлық палатаның кезекті нұсқамасы орындалды: Астана қаласы, 20 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанда қалдықтарды бақылау күшейтілді: Жоғары аудиторлық палатаның кезекті нұсқамасы орындалды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі түзілетін қалдықтарды есепке алу және бақылау сапасын арттырды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілді.

Бұған дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша ресми статистика Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында жинақталған мәліметтерге сәйкес келмейтіні анықталды. Қалдықтардың пайда болу көлемі туралы деректер екі еседен астам бұрмаланған. Атап айтқанда, республиканың халық санының бір мезгілде өсуі кезеңінде қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің төмендеуі күмән тудырды.

Осыған байланысты Экология министрлігіне пайда болған қалдықтарды сапалы есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін деректерді тексеру және Мемлекеттік кадастрдың функционалын пысықтау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Министрлік «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» (Ұлттық деректер банкі) ақпараттық жүйесін пысықтады. Жүйе ақпараттық қауіпсіздікке тексеруден өтіп, 2024 жылдың қарашасында өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

2025 жылдан бастап Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу жаңа ақпараттық жүйеге өтеді. Сонымен қатар қолда бар деректерді Мемлекеттік кадастр ақпараттық жүйесінен Ұлттық деректер банкіне беру арқылы тексеру жүргізілді.

Биыл ақпан айынан бастап барлық негізгі экологиялық есептер ndbecology.gov.kz. бірыңғай сайты арқылы қабылданады. Бұл қауіпті қалдықтардың паспорттарына, қалдықтарды түгендеу туралы есептерге және қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерге де қатысты.

Нұсқаманың қалған тармақтары толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі түзілетін қалдықтарды есепке алу және бақылау сапасын арттырды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілді.

Бұған дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша ресми статистика Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында жинақталған мәліметтерге сәйкес келмейтіні анықталды. Қалдықтардың пайда болу көлемі туралы деректер екі еседен астам бұрмаланған. Атап айтқанда, республиканың халық санының бір мезгілде өсуі кезеңінде қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің төмендеуі күмән тудырды.

Осыған байланысты Экология министрлігіне пайда болған қалдықтарды сапалы есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін деректерді тексеру және Мемлекеттік кадастрдың функционалын пысықтау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Министрлік «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» (Ұлттық деректер банкі) ақпараттық жүйесін пысықтады. Жүйе ақпараттық қауіпсіздікке тексеруден өтіп, 2024 жылдың қарашасында өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

2025 жылдан бастап Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу жаңа ақпараттық жүйеге өтеді. Сонымен қатар қолда бар деректерді Мемлекеттік кадастр ақпараттық жүйесінен Ұлттық деректер банкіне беру арқылы тексеру жүргізілді.

Биыл ақпан айынан бастап барлық негізгі экологиялық есептер ndbecology.gov.kz. бірыңғай сайты арқылы қабылданады. Бұл қауіпті қалдықтардың паспорттарына, қалдықтарды түгендеу туралы есептерге және қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерге де қатысты.

Нұсқаманың қалған тармақтары толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
Telegram-каналға жазылу

Аймақтағы жаңалықтар