Қазақстанда МӘМС және ТМККК шеңберінде медицина ұйымдарының қызметіне бақылау күшейтілді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медицина ұйымдарының қызметін бақылауды күшейту бойынша бірқатар шара қабылдады. Бұл жұмыс Жоғарғы аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүргізілуде.
ӘМСҚ медициналық қызметтердің сапасына жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Тексеру барысында МӘМС және ТМККК жүйесіне қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің өндірістік базалары тексеріліп, олардың рұқсат беру құжаттарына, шарт талаптарына, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі бағаланды.
Нәтижесінде 1,4 мың тексерілген медицина ұйымының 238-інде түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде: рұқсат беру құжаттарының болмауы, бір өндірістік базада бірнеше клиниканың орналасуы, медицина қызметкерлерінің жарамды сертификаттарының болмауы және т.б.
61 денсаулық сақтау субъектісіне айыппұл салынды. 10 медицина ұйымымен шартты бұзу процесі басталды. Сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне 116 хабарлама жіберілді.Бұдан бөлек, ӘМСҚ осындай тексерулерді жүргізу және деректерді тиісті органдарға беру бойынша бірыңғай алгоритм әзірледі.
Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -