Қазақстанның Азия елдеріне астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі жоғары: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанның Азия елдеріне астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі жоғары

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев баяндады.

Ол Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын мәлімдеді. Оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады.

«2024 жылғы әлемдік бидай нарығында бірқатар өзгеріс күтілуде. Еуропа, Оңтүстік Африка және Украинада ауа-райының қолайсыздығы себебінен бидай өндірісі төмендейді деп болжамдайды сарапшылар. Сонымен қатар Ресейдің бидай бойынша экспорттық әлеуеті 2024-2025 жылдары 53 млн тонна көлемінде болады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 10,1%-ға аз», — деді вице-министр.

Қайрат Төребаев келтірген мәліметке сүйенсек, Қазақстанның қаңтар-тамыз айларындағы бидай экспорты 3,13 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмендеген.

«Бұл төмендеудің себебі өткен жылғы өнімнің аздығы және дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі. Сондай-ақ біз бидай экспорттық нарықтарының географиясының тарылуын байқап отырмыз. Негізгі экспорттық нарықтар – Италия, Түрікменстан және Ауғанстан, Ресей Қазақстанның бидайын тұтынуды бірнеше есеге азайтты. Бұл экспорттық бағалардың демпингімен байланысты, ол қазақстандық бидайдың Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарда ауыстырылуына себеп болды», — деді спикер.

Еліміз Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізеді деп күтілуде. Қытайға жалпы астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тонна құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе өскен. Оның ішінде бидайдың үлесі 538,8 мың тонна, яғни, өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық.

«Бұл Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, Қытай шекарасындағы кідірістер мен лицензиялау шарттары әлі де шешуді талап етеді», — деп мәлімдеді сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Жаһандық сұраныстың артуы және өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты ЕО елдері маңызды нарық болып отыр. Қазақстан үшін бидайды Ресей арқылы транзиттеу және Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша шығындарды азайту өзекті.

Жалпы, Түркия мен Таяу Шығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттау мүмкіндігі бар. Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру маңызды, сауда және логистика мәселелері шешілуде. Пәкістан, Индонезия, Бразилия және Малайзия нарықтарында қазақстандық бидай брендін ілгерілету жұмысы жандандырылады.

Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, экспорттық логистика мен бағалар көрсетілген елдік ұсыныстар (офферлер) әзірленді. Бұл ұсыныстар Қазақстанның 14 тұрақты өкілдігіне жіберіліп, белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Арменияға 600 мың тонна, Италияға 1 млн тонна бидай жөнелту туралы келіссөздер жасалып жатыр. Сонымен қатар Солтүстік Африка елдеріне 200 мың тонна экспорт бойынша келісімдер жүргізілуде.

«Экспортталатын өнімнің күрделілігін арттыру саясатын ескере отырып, дәнді дақылдарды өңдеуге көңіл бөлген жөн. Бұл болашақта экспорт мәселелерін шешудің жолы болуы мүмкін. Қазақстанда күнбағыс майын өндіруде оң нәтиже бар: 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күнбағыс тұқымын экспорттауға 20%-дық баж енгізілгеннен кейін май өндірісі 56%-ға өсті. Биыл бұл өсу жалғасуда, экспорттық бағаның маржасы бірнеше есе артты. 4 желтоқсаннан бастап этил спиртін өндіруші компанияларға оны еврокуб ыдысында экспорттауға рұқсат етілді. Қазіргі уақытта Германия мен Қытайдан спиртке сұраныс бар», — деді спикер.

Сонымен қатар құрама жем экспорты бойынша Қытай негізгі нарыққа айналды, экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 93 мыңнан 663 мың тоннаға дейін өсті. ҚТЖ жүк тасымалын дұрыс ұйымдастыру арқасында жоспардың орындалуы 30%-дан 100%-ға дейін артқан.

«KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігі экспорттаушыларға сақтандыру, кепілдік беру, экспорттық сауда және қаржыландыруды ұсынуда. Бұл әсіресе өсімдік шаруашылығы өнімдері мен астық экспорты үшін маңызды. Агенттік Қазақстанның дәнді дақылдар экспортына қолдау көрсетіп, оның көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. KazakhExport қолдау құралдары арқылы Қазақстанның дәнді дақылдар экспортын жыл сайын 10 млн тоннаға дейін арттыру әлеуеті бар», — деп түйіндеді ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/news/kazakhstan-imeet-vozmozhnost-narashchivaniya-postavok-zerna-v-aziatskie-strany-29219

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар