Қазақстанның Даму Банкінің кредит беру және қаржыландыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді: Астана қаласы, 10 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанның Даму Банкінің кредит беру және қаржыландыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) қызметін реттеуге бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары мен нұсқамаларын ескере отырып ҚР Үкіметі мен Даму банкі тиісті шаралар қабылдады.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы мемлекет саясатына аудит жүргізген болатын.

Аудит нәтижелері бойынша ҚДБ-ның жекелеген қарыз алушылары салалық даму тұжырымдамасында бекітілген шекті мәндерден төмен мөлшерлемелер бойынша кредиттер алғаны анықталды. Аудиторлардың пікірінше, бұл мемлекеттік қолдау шараларына алуда тең жағдай жасауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата белгіленге пайыздық мөлшерлеме енгізуді ұсынды. Бұл Банктің ішкі бағалауы негізінде мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Нәтижесінде ҚДБ директорлар кеңесінің шешімімен өңдеу өнеркәсібі жобаларының айналым капиталын қаржыландыру және экспорттаушыларды қолдау бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер барлық түпкілікті қарыз алушылар үшін бірыңғай сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7% мөлшерінде белгілеуді көздейді.

Сонымен қатар аудит ҚДБ бюджет қаражатын 0,15% мөлшерлемемен алып, кейіннен қарыз алушыларға9-11% мөлшерлеме бойынша кредит беретінін анықтады. Бұл Банктің артық қаржылай пайда алуына және мемлекет үшін кірістің жеткіліксіздігіне әкелді. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бюджеттік кредиттеу шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарауды ұсынды.

ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 15 ақпандағы хаттамалық тапсырмасымен бюджеттік кредиттеу мөлшерлемесін 2025 жылдан бастап 1%-ға дейін арттыру тәсілдері мақұлданды.

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген басқа тапсырмалар мен ұсынымдар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) қызметін реттеуге бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары мен нұсқамаларын ескере отырып ҚР Үкіметі мен Даму банкі тиісті шаралар қабылдады.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы мемлекет саясатына аудит жүргізген болатын.

Аудит нәтижелері бойынша ҚДБ-ның жекелеген қарыз алушылары салалық даму тұжырымдамасында бекітілген шекті мәндерден төмен мөлшерлемелер бойынша кредиттер алғаны анықталды. Аудиторлардың пікірінше, бұл мемлекеттік қолдау шараларына алуда тең жағдай жасауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата белгіленге пайыздық мөлшерлеме енгізуді ұсынды. Бұл Банктің ішкі бағалауы негізінде мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Нәтижесінде ҚДБ директорлар кеңесінің шешімімен өңдеу өнеркәсібі жобаларының айналым капиталын қаржыландыру және экспорттаушыларды қолдау бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер барлық түпкілікті қарыз алушылар үшін бірыңғай сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7% мөлшерінде белгілеуді көздейді.

Сонымен қатар аудит ҚДБ бюджет қаражатын 0,15% мөлшерлемемен алып, кейіннен қарыз алушыларға9-11% мөлшерлеме бойынша кредит беретінін анықтады. Бұл Банктің артық қаржылай пайда алуына және мемлекет үшін кірістің жеткіліксіздігіне әкелді. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бюджеттік кредиттеу шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарауды ұсынды.

ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 15 ақпандағы хаттамалық тапсырмасымен бюджеттік кредиттеу мөлшерлемесін 2025 жылдан бастап 1%-ға дейін арттыру тәсілдері мақұлданды.

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген басқа тапсырмалар мен ұсынымдар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
Telegram-каналға жазылу

Аймақтағы жаңалықтар