Азаматтардың конституциялық құқығын қорғау жөніндегі хабардарлығын артыру бойынша ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Кеңсесімен ынтымақтастық жалғасады
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті.
Кездесу барысында Азимова ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесіне Конституциялық Соттың адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы жобаларына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Қатысушылар ортақ табысты бастамалардың бірі ретінде 2022 жылғы республикалық референдумның нәтижесінде түзетулер енгізіліп, қабылданған Конституция мәтінінің көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде Брайль нұсқасына аударылып және басып шығарылған жобаны ерекше атап өтті.
Шығарылған барлық басылымдар Қазақстан Республикасының 17 арнайы білім беру мекемесіне және 41 кітапхана жүйесінің бөлімшесіне тегін берілді. Көру қабілеті бұзылған азаматтар мен арнайы білім беру ұйымдарының оқытушылары бұл жоба үшін алғысын білдірді.
Кездесуге қатысушылар заң үстемдігі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -