«Бұқара-Орал» газ құбырының құрылысы қарқынды
Ақтөбе облысында «Бұқара-Орал» магистральді газ құбыры үшінші желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Хромтау ауданы аумағындағы жұмыстар былтыр шілде айында басталған-ды. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.
«Отау-Строй» ЖШС өкілі өңір басшысын атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 200-ден астам адам құрылысқа тартылған.
Газ құбырының ұзындығы 165 шақырымды құрайды, жылдық қуаты — 2,4 млрд текше метр. Жалпы құны 43 млрд теңгені құрайды.
«Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айырықша маңызға ие жоба Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, газ құбырының салынуы Ақтөбедегі тұрғын алаптарды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптің өркендеуіне де септігін тигізеді. Сондықтан газ құбырының пайдалануға берілуін күтіп отырмыз. Белгіленген мерзімде тапсыру шарт. Сапасына да мән беру керек. Ол аса маңызды», - деп атап өтті Асхат Шахаров.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -