«Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің қорықшылары қыс мезгілінде жануарларды қоректендіруде
Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан «Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің «Белодымовский» филиалының қызметкерлері қысқы аяз кезінде маралдар мен бизондарды тамақсыз қалдырмайды. Жануарлар парктің 400 гектар аумағында жайылады.
Қыста қарлы және аяз күндері жергілікті жануарларға адамдардың көмегінсіз аман қалу өте қиын болар еді: оларға өз бетінше азық табуға беті мұздап қалған қалың қар кедергі келтіреді. Сондықтан қорықшылар астық, шөп және қайың сыпырғыштары салынған оттықтар қояды.
Ұлттық паркте олар үшін нағыз орман асханасы ашылды. Мәзір әтүрлі. Мысалы, маралдар дәнді жем жесе, басқа орман тұрғындары – түлкілер мен қояндар да назардан тыс қалмайды. Соңғылары қыста азығын өздері таба алады, бірақ қорықшылар толтырған оттықтан да қоректене алады.
Осакаров ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -