БҰҰ-ның Жобаларды қолдау басқармасының (ЮНОПС) Австриядағы көп елді кеңсесінің бағдарламалар жетекшісімен кездесу
Бүгін, 2025 жылы 4 сәуірде, ЮНОПС қызметімен танысу және бірлескен ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері ЮНОПС-тың Австриядағы көп елді кеңсесінің бағдарламалар жетекшісі Гюрель Гюрканмен кездесті.
Кездесу барысында Г.Гюркан ЮНОПС-тың стратегиялық приоритеттері, оның халықаралық жобаларды басқарудағы рөлі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалары туралы ақпаратпен бөлісті.
Каспий теңізінің экожүйесін қайта қалпына келтіру (Blueing the Caspian Sea) бойынша жобаны іске асыру, метан шығарындыларын қысқарту және қалдықтарды басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қазақстандық тарап ЮНОПС-ты 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммиттің жұмысына қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындылары бойынша, тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына жетуге және Қазақстанның экологиялық бастамаларын іске асыруға бағытталған жобалар бойынша өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.
ЮНОПС денсаулық сақтау, білім, экология және қалалық инфрақұрылымды дамыту салаларында халықаралық жобаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -