БҚО-да балықтың қырылуын болдырмау үшін мелиорациялық шаралар жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында ұсақ су айдындарында мұз қабатының түзілуіне байланысты суда еріген оттегінің жетіспеуі салдарынан балықтың қырылу қаупі пайда болды.
Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша балықты құтқару мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте, әсіресе, тереңдігі аз су айдындарына ерекше көңіл бөлінуде.
Қыстың салыстырмалы түрде жылы болуына қарамастан, өңірдегі көптеген су айдындарында мұздың қалыңдығы 40 см-ге дейін жетеді, бұл балықтардың жаппай қырылу қаупін тудырады.
Қазіргі уақытта: 136 000 ойық бұрғыланып, оттегімен байытылған 5000 текше метрден астам су айдындарға айдалды, жұмыстарға 657 адам және 167 техника бірлігі жұмылдырылды.
Балықтың қырылуын болдырмау жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -