БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен Орал қаласындағы саяжай учаскелерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында табиғи апат салдарынан келген шығындарды өтеу механизмдеріне қатысты сауалдар көтерілді.
Облыс әкімі тұрғындарға өңірде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар тарапынан туындайтын құқықтық мәселелер бойынша арнайы жедел топ жұмыс істейтінін және тұрғындардың сол жұмыс тобына жеке дара жолығып көмек алуға болатынын атап өтті.
«Тұрғындардың өтініші негізінде облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен 9 224 отбасыға 3,4 млрд теңге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Ендігі кезекте, шығындарды есептеу бойынша комиссияның қорытындысына сәйкес, 150 АЕК көлеміндегі төлемдер жалғасуда» - деді Нариман Төреғалиев.
Кездесу барысында облыс әкімі саяжайдағы үйлері жалғыз баспана болып табылатын тұрғындарға заң аясында үй берілетінін атап өтті.
Жиналғандардың басым көпшілігінің саяжайдағы үйлері құжат жүзінде жақын туыстарына рәсімделген, осыған байланысты, олардың аттарында тұрғын үй болғандықтан ондай азаматтардың өтініштері заң шеңберінде жеке-жеке қаралатынын түсіндірді.
Осылайша, кездесуге жиналған тұрғындардың сауалдарына тиісті жауаптар берілді.
Атап өтерлігі, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға құқықтық кеңес беретін жедел топ – Орал қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында жұмыс істеуде (Сарайшық көшесі 47).
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -