Биыл Жетісуда 7 мың түлек мектеп бітіреді: Жетісу облысы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Биыл Жетісуда 7 мың түлек мектеп бітіреді

2023-2024 оқу жылының соңында Жетісу облысының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар саны – 130 553, соның ішінде 11 сыныптарда – 6893, 9 сыныптарда 12 124 бала бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2023-2024 оқу жылында 319

оқушы «

Алтын белгіге», 684 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Бұл ретте түлектерден Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтінімдер 6-14 мамыр аралығында қабылданды. ҰБТ-ға 6 мыңнан астам оқушы тапсыруға ниет білдірді. Атап өтсек, облыста ҰБТ тапсыратын 2 пункт бар, олар Талдықорған қаласында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында орналасқан. Тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады, апелляциялық комиссия құжаттарды 10-16 шілде аралығында қарайды.

Қорытынды емтихандарға келсек, 9 сыныптағы емтихандар 29 мамырдан 10 маусымға дейін 4 пән бойынша, 11 сыныпта 5 пән бойынша 28 мамырдан 11 маусымға дейін өткізіледі. Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылында 5-8, 10 сыныптардың 58850 оқушысы «Қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті» пәндері бойынша емтихан тапсырады.

24 мамыр күні 2023-2024 оқу жылының қорытындысы ретінде «Білімім-Отаным!» атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Аталған іс-шара 2023 жылдың қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Ал 25 мамырда мектеп қабырғасында түлектерге арналған дәстүрлі «Соңғы қоңырау» өтеді. Аттестаттар 12-15 маусымда тапсырылады деп жоспарланған.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, 9,11 сынып оқушыларының салтанатты іс-шаралар мен банкеттерді өткізуге, автомобильмен жүруге ақша жинаудың алдын алу мақсатында осы жылдың 30 сәуірінде шығарылған «Ақша жинауға тыйым салу туралы» арнайы бұйрық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жолданған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттер авторы: Дмитрий Ерофеев (фотоархив).

Ақпарат көзі: Жетісу облысының әкімдігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар