Бородулиха ауданының инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді
Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев тиісті басқарма басшыларымен бірге аудандағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі мен құрылыс барысын бағамдады.
Делегация барған алғашқы нысан – Новопокровка ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп. 1980 жылы салынған ғимарат 3852,3 шаршы метр аумақты қамтиды. 18 оқу кабинеті бар. Мұнда 125 оқушы білім алуда. Делегация мүшелері «Новопокровка орта мектебі» КММ-де де болды. Бородулиха колледжі де назардан тыс қалмады. Мұнда 140 студент тамақтандыру, ауыл шаруашылығын механикалау және дәнекерлеуші мамандықтарында білім алуда. Колледж 16 кәсіпорынмен ынтымақтаса отырып, өз түлектерін 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Делегация өкілдері қызмет алушылардың тұрмыс жағдайымен де танысты. Орталықтың жабдықталуын жетілдіру мәселесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жайлы және қауіпсіз тұруын қамтамасыз ететін көпфункционалды төсек-орындарды сатып алу жайы талқыланды. Орталық инфрақұрылымының басқа элементтерін жаңарту, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны құру және оңалту іс-шараларын өткізуге арналған үй-жайларды жаңғырту мүмкіндіктері қарастырылды.
«Жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру күш-жігерді біріктіруді талап етеді. Ауданды дамытуды басты назарда ұстап, әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруіне жағдай жасау қажет. Әрбір басшы өзіне жүктелген жауапкершілікті түсініп, жүктелген міндеттерді жедел шешуі керек», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Бородулиха ауданының активімен өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мен толеранттылықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған нақты шаралар талқыға түсті. Олардың қатарында өңірдегі өзге диаспоралардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттауға, бірлікті нығайтуға ықпал ететін қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған мәдени шаралар да бар.
Сапар нәтижесінде Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларына ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға үшін инвестиция тарту шараларын әзірлеуді, сондай-ақ аудан тұрғындары арасында толеранттылық, өзара іс-қимыл, өзара көмек идеяларын насихаттау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -