ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Дәстүрлі садақ атудан ересектер арасында Шымкент қаласының ашық турнирі өтті. Кеңес одағының батыры, айбынды қолбасшы, аңыз тұлға Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған турнирде жалпы 20 спортшы бақ сынады. Түркістан, Жамбыл облысы, Астана қаласынан да мергендер келген.
Шымкент қаласының дәстүрлі садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаевтың айтуынша, шаһарда биыл наурыз айында халықаралық “Азия кубогы” бәсекесі, ақпан айында қала чемпионаты өтеді. Бүгінгі аталған сайыс қаланың құрама командасын алдағы жарыстарға дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайысқа “Садақ Шымкент” федерациясы демеушілік етті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -