Дархан ЖАЗЫҚБАЙ: Мемлекеттік қызметші елдің қамын ойлауы керек: Астана қаласы, 27 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Дархан ЖАЗЫҚБАЙ: Мемлекеттік қызметші елдің қамын ойлауы керек

Дархан ЖАЗЫҚБАЙ: Мемлекеттік қызметші елдің қамын ойлауы керек

Дархан ЖАЗЫҚБАЙ: Мемлекеттік қызметші елдің қамын ойлауы керек

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбайдың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты

– Дархан мырза, Жаңа Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек? – Мемлекеттік қызметші «Адал азамат» идеалдарына сай келуге тиіс. Адал азаматқа тән басты қасиеттер – жауапкершілік пен кәсібилік, елге пайдам тисе деген ішкі мотивацияның болуы. Биыл Президенттік жастар кадр резерві форумында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерге тән жаңа мәдениетті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту қажеттілігін айтты. Жаңа мәдениеттің негізі Президент үнемі айтып жүрген «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін деген» принциптен бастау алады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа мәдениет «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделуі керек. Мемлекеттік қызметшілер осы қағиданы ескеріп, жұмыс тәсілін өзгертетін болса, жаңа мәдениет олардың бойынан көрініс табары анық.Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа, бюрократияға, көзбояушылық пен формализмге, қызметтің жасанды декларативті элементтеріне жол бермей, жұмыс тәсілін өзгертіп, адал, әділ, барынша ашық болуға тиіс. Ең бастысы, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя алатын тұлғалық қасиетке ие болуы керек. Абай айтқан ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау – бүгінгі мемлекеттік қызметшіге аса қажет қасиет. Мемлекеттік қызметші қоғамға өзінің білімімен ғана қызмет етіп қоймай, адамгершілік тұрғысынан басқаларға үлгі бола білуге тиіс.

– Мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтеру туралы жиі айтасыз. Осы жолда нендей жаңалық бар? Олардың жалақысы, әлеуметтік қорғалу мәселесі қандай деңгейде?– Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағида негізге алынып жасалды.Құжатты іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мәселесі пысықталатын болады.Белгілі бір лауазымды өз ішінде сыныптарға бөлу арқылы, сол лауазым ішінде көлденең ілгерілеу мүмкіндігін енгізу ұсынылып отыр. Қарапайым тілмен айтсақ, мемлекеттік қызметшілер бұрын тек жоғары лауазымға өту арқылы өсе алса, енді көлденең ілгерілеу­ге де мүмкіндік алады. Атқаратын лауазымында сыныпты кезең-кезеңмен арттыру мемлекеттік қызметтегі институционалдық жадының сабақтастығы мен кадр құрамының тұрақтылығына оң әсер ететін болады. Ең бастысы, лауазым ішінде көлденең ілгерілеу мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді.Қызметшілерге артық жұмыс істегені үшін лайықты материалдық өтемақы беру мәселесі басты назарда. Осыған байланысты демалыс және мереке күндері үстеме жұмыс істегені үшін ақы төлеуді енгізу жоспарда бар. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндері беріледі.Сонымен қатар қызметтік ауысулар нәтижесінде басқа өңірге көшкен қызметшілер мен олардың отбасысына арналған кепілдіктер кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Мемлекеттік қызметшілердің құқық­тарын қорғау – біздің агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі. Өткен жылы мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. Мониторинг мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс фактілерін болдырмауды көздейді.Биыл Агенттік 985 мемлекеттік органда жоспарлы мониторинг жүргізді. Мемлекеттік органдарда жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру фактілері бойынша лауазымды адамдарға қатысты 57 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді.Мониторинг нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануына оң серпін беріп, олардың еңбек құқықтарының сақталуына ықпал етеді.Агенттікпен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген жұмыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг нәтижелері бойынша жалпы 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды. Оның ішінде 2 186 мемлекеттік қызметшіге қосымша тынығу сағаттары берілді, 61-не өтемақы төленді.Қашықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты режімін енгізу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, отбасылық және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы жұмыс кестесін қамтамасыз етеді және білікті кадрларды мемлекеттік қызметке тарту және тұрақтандыру тетіктерінің бірі болып саналады. Жалпы, бүгінде 1862 мемлекеттік қызметші икемді жұмыс кестесін, қашықтан және аралас қашық­тан жұмыс жасау мүмкіндігін қолдануда. Аталған шараларымен қатар, заңнамаға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес басқа елді мекенге ротацияланған қыз­метшілерге тұрғын үй жалдау мақсатында төленетін ротациялық төлемдер қарастырылған.Қызметтік ауысулар нәтижесінде басқа өңірге көшкен қызметшілер мен олардың отбасысына арналған кепілдіктер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

– Байқасаңыз, жастар арасында осы салада жұмыс істегісі келетіндер жетерлік. Құлшыныс та,  талпыныс та бар. Осы орайда Жастар кадр резерві жайында айтсаңыз. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту турасындағы Президент тапсырмасы қай деңгейде орындалып жатыр?– 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстары басталды. Резервті қалыптастырудағы басты мақсат – көкірегі ояу, көзі ашық жастарды мемлекеттік басқаруға тарту, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа серпін беру, жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру. Бүгінге дейін резервке қабылдауға үш іріктеу өтті. Жобаға қатысуға 60 мыңнан астам азамат қызығушылық танытты. Үш іріктеу қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды.  Бүгінде 315 резервші жұмысқа орналастырылды, олар елдің игілігі үшін түрлі саланы дамытуға үлесін қосуда. Соның ішінде саяси лауазымдарға – 38, «А» корпусының лауазымына 4 резервші тағайындалып, Парламент Мәжілісінің депутаты болып 2 және облыстық мәслихаттың депутаты ретінде 1 резервші қызмет атқаруда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту және өңірлерде кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Агенттік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биыл алғаш рет Өңірлік кадр резервтеріне 7 бағыт бойынша іріктеу ұйымдастырды. Іріктеу нәтижелеріне сәйкес, өңірлік резервтерге 505 адам қабылданды. Бүгінде өңірлік кадр резервтеріне қабылданған 56 резервші жұмысқа орналастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Агенттік мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою шараларын кезең-кезеңімен іске асыруда. Оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, жоғары көрсеткішпен (GPA 3,33-ден жоғары) бітірген  түлектер, енді аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алады. Осындай мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындау нәтижесінде елімізде қазірде 430 түлек мемлекеттік қызметке орналасты. Қазіргі таңда Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру арқылы конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.Мысалы қазір конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге онлайн режімде, яғни кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз заңнамаларды білу талабын 9-дан 4-ке дейін азайттық. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

– Мемлекеттік қызметкердің этика, тәртіп және тұлғалық дамуына қатысты көбірек айту керек деген пікір айтып едіңіз. Мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келетін жас нені қаперде ұстағаны абзал? – Әрбір мемлекеттік қызметші, ең алдымен, сол қоғамның мүшесі, Конс­титуциямен және заңдармен көзделген құқықтар мен міндеттерге ие еліміздің азаматы. Алайда мемлекеттік қызметші өзіне артылған сенім мен жауапкершілікті сезіне отырып, барлық іс-әрекетін әдеп нормаларының аясында жүзеге асыруға тиіс.Әрине, азаматтар мемлекеттік қызметке өз еркімен келеді. Бұл ретте олардың осы мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты белгілі бір шектеулерді, оның ішінде қызметтік әдеп стандарттарын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдайды.Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзі бар ғой, тәртіпсіз ешқашан нәтижелі қызмет болмайды.2022 жылы жаңа редакцияда қабылданған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсінуде және қолдануда ерекше маңызға ие.Бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келген еді. Жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылды.Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік және клиентке бағдарлану. Ал, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.Мемлекеттік қызметке келемін деген адам ең бастысы жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлап келгені дұрыс. Мансаптық амбициядан гөрі алдымен қоғамдық мүдделерді жоғары қоюы керек. Ол хакім Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» деген сөзін немесе Шәкәрімнің «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» өсиетін  ұстанымға айналдырса, дұрыс жолда болады. Адамгершілік қағидаттары қашанда биік тұруы қажет. Сонда тәртіп те, тұлғалық даму да болады.

– Елге қызмет еткендерді әркез елеп жүретініңізді білеміз. Биыл қандай қызметкерлердің ісі ел жүрегін жылытып, есте қалды (өткен сұқбатыңызда жолда қалып қалған 70 тұрғынды үйді-үйге орналастырған әкім туралы айтып едіңіз. Сондай деректер ұсынсаңыз)?– Ерлік жасау –  антына берік, елін сүйген ердің ісі. Ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете білген мемлекеттік қызметшілер осыған дәлел. Қиындығы мен қызығы ұштасқан саланы таңдап, Отан алдында антын беріп, оны берік ұстанып жүрген мемлекеттік қызметшілер ешқашан қауіптен қашқан емес. Кез келген адамның басына қауіп төнсе, көмекке келуге әзір. Сондай елге қызметте ерлік жасағандардың бірі – Ақмола облысы Бұланды ауданы Еркөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбай Қаниев биылғы көктемде су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысты. Иванковка, Тоқтамыс ауылдарындағы төтенше жағдайды жоюға атсалысты. Мейрамбай Арғынұлы өмірін қатерге тігіп, бірнеше отбасының өмірін сақтап қалды. Ол Иванковка ауылындағы көпірді қалпына келтіруге  тікелей  үлес қосып, бұл ауылдардағы қиын кезеңде Иванковка және Тоқтамыс ауылдары тұрғындарының қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге жәрдем етті. Жұмыс тынығусыз, ұйқысыз оперативті түрде жүргізілді. Жағдайдың барлық қиындықтары мен қауіптілігіне  қарамастан, Еркөл ауылдық округінің адамдарын су тасқынынан құтқарып  қалды.Сондай-ақ Түркістан қаласының статистика басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов  2024 жылы маусым айында, Түркістан облысы, Отырар ауданы  Балтакөл елді мекені бойындағы Сырдария өзенінен  суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалғанын ерекше атап өтуге болады.Хромтау ауданы, Тассай ауылдық округінің әкімі Ербол Әбдіровтың жасаған  ерлігі де ерекше, бүгіннің батыры деуге әбден лайық. 2024 жылдың 6–10 ақпан аралығында қатты боран салдарынан Хромтау ауданының батыс бөлігі Тассай, Ақжар, Табантал ауылдық округтері жарықсыз қалады. Тассай ауылындағы электростанцияның электр желілері оның алдында онсыз да апаттық деп саналғаны белгілі. Аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланып, жолдардың барлығы жабылып, техниканың жүруіне мүмкіндік болмаған. 7 ақпанда түнгі сағат 01:30 шамасында мамандар дабыл қағып, Хромтау ауданының әкімі Е.Әбдіровке хабарласып, жарық қосылмаған жағдайда үлкен шығынға ұшырайтынын, себебі Тассай, Ақжар, Табантал ауылдық округтерінде жарық болмаса, су құбыры желісі қатып, 5 мыңға жуық адам ұзақ уақытқа ауыз сусыз, жарықсыз қалатынын жеткізген. Сөйтіп, түнгі 02:30 шамасында боран болуына қарамастан, 4,5 шақырым жерге қарда жүретін көлікпен электромонтерді апарып, Тассай, Ақжар, Табантал ауылдық округтеріне жарық берген.Сол сәттердің бірінде Тассайдан 15 шақырымда орналасқан қиыршық тас зауытының басшысы жолдардың барлығы жабық болуынан, электр жарықтың, жылудың және байланыстың болмауынан зауыт жұмысшысымен 3 күннен бері хабарласа алмай отырғанын айтқан. Е.Әбдіров дереу қарда жүретін көлік тауып, боранда жолға шығып, Ақжар ауылының тұрғыны жұмысшы Николайды қар мотоциклімен ауылға аман-есен әкелген. Осылайша, Хромтау ауданының әкімі Ербол Амангелдіұлы өмірін қауіпке тіге отырып,  кәсібіне, адал, жанқиярлық ерлік көрсетті, өзгелерге үлгі болды.Осы айтылған мысалдар мемлекеттік қызметшілердің елге қызмет етудегі батылдығы мен шешімін көрсетеді. Жалпы, бұл айтылғандар бірер мысал ғана. Негізі, елге адал қызмет етіп, отбасын асырап, мемлекетіміздің дамуына барынша үлес қосып жүрген адал ниетті мемлекеттік қызметшілердің барлығын нағыз ерлер деп атауға болады. 

– Сұқбат соңында мемлекеттік қызмет істеп, ел дамуына үлес қосқысы келетін жастарға айтар ақыл-кеңесіңіз болса?– Мемлекет басшысы «Жастарымыз­дың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі» деген еді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға қолдау жан-жақты қолға алынып жатыр. Агенттік дарынды, білімді, бастамашыл жастарды мемлекеттік қызметке тартуды тұрақты жолға қою–да. Сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастырудамыз. Жастардың бойындағы күш-қуат пен қабілетті елге қызмет етуге бағыттау біздің басты мақсатымыз. Халқымызда «ақыл жастан, асыл тастан» деген аталы сөз бар. Президент айтқандай, биік мақсатқа ұмтылған, еңбекқор, отаншыл жас буын – қашанда елдің арқа сүйер тірегі.Бәсекеге қабілетті, заманауи білім алу арқылы жастар еліміздегі адами капитал сапасының артуына үлес қоса алады.Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек» деген болатын. Әрбір жас адалдық құндылықтарын бойына берік орнықтырса, олардан үлкен үміт күтуге болады. Жастар жаңашыл. Олар әрқашан креативті идеяларға құштар. Табысты елге айналудың да кілті жастардың қолында. Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан реформаларды жүзеге асыруда жастардың қосар үлесі мол. Жауапкершілік пен кәсібилік, адалдық пен тазалық жастардың бойынан табылып жатса, ондай жастан болашақта мықты мемлекет қайраткері шығатыны күмәнсіз.– Әңгімеңізге рақмет!

дереккөз: "Ана тілі" газеті



Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p><strong>МҚІА төрағасы Дархан Жазықбайдың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты</strong></p> <p><strong>– Дархан мырза, Жаңа Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі қандай болуы керек? </strong>– Мемлекеттік қызметші «Адал азамат» идеалдарына сай келуге тиіс. Адал азаматқа тән басты қасиеттер – жауапкершілік пен кәсібилік, елге пайдам тисе деген ішкі мотивацияның болуы. Биыл Президенттік жастар кадр резерві форумында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерге тән жаңа мәдениетті қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту қажеттілігін айтты. Жаңа мәдениеттің негізі Президент үнемі айтып жүрген «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін деген» принциптен бастау алады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа мәдениет «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделуі керек. Мемлекеттік қызметшілер осы қағиданы ескеріп, жұмыс тәсілін өзгертетін болса, жаңа мәдениет олардың бойынан көрініс табары анық.Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа, бюрократияға, көзбояушылық пен формализмге, қызметтің жасанды декларативті элементтеріне жол бермей, жұмыс тәсілін өзгертіп, адал, әділ, барынша ашық болуға тиіс. Ең бастысы, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя алатын тұлғалық қасиетке ие болуы керек. Абай айтқан ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау – бүгінгі мемлекеттік қызметшіге аса қажет қасиет. Мемлекеттік қызметші қоғамға өзінің білімімен ғана қызмет етіп қоймай, адамгершілік тұрғысынан басқаларға үлгі бола білуге тиіс.</p> <p><strong>– Мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтеру туралы жиі айтасыз. Осы жолда нендей жаңалық бар? Олардың жалақысы, әлеуметтік қорғалу мәселесі қандай деңгейде?</strong>– Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағида негізге алынып жасалды.Құжатты іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мәселесі пысықталатын болады.Белгілі бір лауазымды өз ішінде сыныптарға бөлу арқылы, сол лауазым ішінде көлденең ілгерілеу мүмкіндігін енгізу ұсынылып отыр. Қарапайым тілмен айтсақ, мемлекеттік қызметшілер бұрын тек жоғары лауазымға өту арқылы өсе алса, енді көлденең ілгерілеу­ге де мүмкіндік алады. Атқаратын лауазымында сыныпты кезең-кезеңмен арттыру мемлекеттік қызметтегі институционалдық жадының сабақтастығы мен кадр құрамының тұрақтылығына оң әсер ететін болады. Ең бастысы, лауазым ішінде көлденең ілгерілеу мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді.Қызметшілерге артық жұмыс істегені үшін лайықты материалдық өтемақы беру мәселесі басты назарда. Осыған байланысты демалыс және мереке күндері үстеме жұмыс істегені үшін ақы төлеуді енгізу жоспарда бар. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндері беріледі.Сонымен қатар қызметтік ауысулар нәтижесінде басқа өңірге көшкен қызметшілер мен олардың отбасысына арналған кепілдіктер кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Мемлекеттік қызметшілердің құқық­тарын қорғау – біздің агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі. Өткен жылы мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілді. Мониторинг мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс фактілерін болдырмауды көздейді.Биыл Агенттік 985 мемлекеттік органда жоспарлы мониторинг жүргізді. Мемлекеттік органдарда жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру фактілері бойынша лауазымды адамдарға қатысты 57 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді.Мониторинг нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануына оң серпін беріп, олардың еңбек құқықтарының сақталуына ықпал етеді.Агенттікпен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген жұмыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг нәтижелері бойынша жалпы 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды. Оның ішінде 2 186 мемлекеттік қызметшіге қосымша тынығу сағаттары берілді, 61-не өтемақы төленді.Қашықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты режімін енгізу мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, отбасылық және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы жұмыс кестесін қамтамасыз етеді және білікті кадрларды мемлекеттік қызметке тарту және тұрақтандыру тетіктерінің бірі болып саналады. Жалпы, бүгінде 1862 мемлекеттік қызметші икемді жұмыс кестесін, қашықтан және аралас қашық­тан жұмыс жасау мүмкіндігін қолдануда. Аталған шараларымен қатар, заңнамаға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес басқа елді мекенге ротацияланған қыз­метшілерге тұрғын үй жалдау мақсатында төленетін ротациялық төлемдер қарастырылған.Қызметтік ауысулар нәтижесінде басқа өңірге көшкен қызметшілер мен олардың отбасысына арналған кепілдіктер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.</p> <p><strong>– Байқасаңыз, жастар арасында осы салада жұмыс істегісі келетіндер жетерлік. Құлшыныс та,  талпыныс та бар. Осы орайда Жастар кадр резерві жайында айтсаңыз. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту турасындағы Президент тапсырмасы қай деңгейде орындалып жатыр?</strong>– 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстары басталды. Резервті қалыптастырудағы басты мақсат – көкірегі ояу, көзі ашық жастарды мемлекеттік басқаруға тарту, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа серпін беру, жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру. Бүгінге дейін резервке қабылдауға үш іріктеу өтті. Жобаға қатысуға 60 мыңнан астам азамат қызығушылық танытты. Үш іріктеу қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданды.  Бүгінде 315 резервші жұмысқа орналастырылды, олар елдің игілігі үшін түрлі саланы дамытуға үлесін қосуда. Соның ішінде саяси лауазымдарға – 38, «А» корпусының лауазымына 4 резервші тағайындалып, Парламент Мәжілісінің депутаты болып 2 және облыстық мәслихаттың депутаты ретінде 1 резервші қызмет атқаруда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту және өңірлерде кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Агенттік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биыл алғаш рет Өңірлік кадр резервтеріне 7 бағыт бойынша іріктеу ұйымдастырды. Іріктеу нәтижелеріне сәйкес, өңірлік резервтерге 505 адам қабылданды. Бүгінде өңірлік кадр резервтеріне қабылданған 56 резервші жұмысқа орналастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Агенттік мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою шараларын кезең-кезеңімен іске асыруда. Оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, жоғары көрсеткішпен (GPA 3,33-ден жоғары) бітірген  түлектер, енді аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алады. Осындай мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындау нәтижесінде елімізде қазірде 430 түлек мемлекеттік қызметке орналасты. Қазіргі таңда Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру арқылы конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.Мысалы қазір конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге онлайн режімде, яғни кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз заңнамаларды білу талабын 9-дан 4-ке дейін азайттық. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.</p> <p><strong>– Мемлекеттік қызметкердің этика, тәртіп және тұлғалық дамуына қатысты көбірек айту керек деген пікір айтып едіңіз. Мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келетін жас нені қаперде ұстағаны абзал? </strong>– Әрбір мемлекеттік қызметші, ең алдымен, сол қоғамның мүшесі, Конс­титуциямен және заңдармен көзделген құқықтар мен міндеттерге ие еліміздің азаматы. Алайда мемлекеттік қызметші өзіне артылған сенім мен жауапкершілікті сезіне отырып, барлық іс-әрекетін әдеп нормаларының аясында жүзеге асыруға тиіс.Әрине, азаматтар мемлекеттік қызметке өз еркімен келеді. Бұл ретте олардың осы мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты белгілі бір шектеулерді, оның ішінде қызметтік әдеп стандарттарын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдайды.Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзі бар ғой, тәртіпсіз ешқашан нәтижелі қызмет болмайды.2022 жылы жаңа редакцияда қабылданған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсінуде және қолдануда ерекше маңызға ие.Бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптар мен олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралып келген еді. Жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптары мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебіне қатысы жоқ ережелерден бөлек, өз алдына жеке қарастырылды.Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік және клиентке бағдарлану. Ал, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.Мемлекеттік қызметке келемін деген адам ең бастысы жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлап келгені дұрыс. Мансаптық амбициядан гөрі алдымен қоғамдық мүдделерді жоғары қоюы керек. Ол хакім Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» деген сөзін немесе Шәкәрімнің «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» өсиетін  ұстанымға айналдырса, дұрыс жолда болады. Адамгершілік қағидаттары қашанда биік тұруы қажет. Сонда тәртіп те, тұлғалық даму да болады.</p> <p><strong>– Елге қызмет еткендерді әркез елеп жүретініңізді білеміз. Биыл қандай қызметкерлердің ісі ел жүрегін жылытып, есте қалды (өткен сұқбатыңызда жолда қалып қалған 70 тұрғынды үйді-үйге орналастырған әкім туралы айтып едіңіз. Сондай деректер ұсынсаңыз)?</strong>– Ерлік жасау –  антына берік, елін сүйген ердің ісі. Ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете білген мемлекеттік қызметшілер осыған дәлел. Қиындығы мен қызығы ұштасқан саланы таңдап, Отан алдында антын беріп, оны берік ұстанып жүрген мемлекеттік қызметшілер ешқашан қауіптен қашқан емес. Кез келген адамның басына қауіп төнсе, көмекке келуге әзір. Сондай елге қызметте ерлік жасағандардың бірі – Ақмола облысы Бұланды ауданы Еркөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбай Қаниев биылғы көктемде су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысты. Иванковка, Тоқтамыс ауылдарындағы төтенше жағдайды жоюға атсалысты. Мейрамбай Арғынұлы өмірін қатерге тігіп, бірнеше отбасының өмірін сақтап қалды. Ол Иванковка ауылындағы көпірді қалпына келтіруге  тікелей  үлес қосып, бұл ауылдардағы қиын кезеңде Иванковка және Тоқтамыс ауылдары тұрғындарының қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге жәрдем етті. Жұмыс тынығусыз, ұйқысыз оперативті түрде жүргізілді. Жағдайдың барлық қиындықтары мен қауіптілігіне  қарамастан, Еркөл ауылдық округінің адамдарын су тасқынынан құтқарып  қалды.Сондай-ақ Түркістан қаласының статистика басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов  2024 жылы маусым айында, Түркістан облысы, Отырар ауданы  Балтакөл елді мекені бойындағы Сырдария өзенінен  суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалғанын ерекше атап өтуге болады.Хромтау ауданы, Тассай ауылдық округінің әкімі Ербол Әбдіровтың жасаған  ерлігі де ерекше, бүгіннің батыры деуге әбден лайық. 2024 жылдың 6–10 ақпан аралығында қатты боран салдарынан Хромтау ауданының батыс бөлігі Тассай, Ақжар, Табантал ауылдық округтері жарықсыз қалады. Тассай ауылындағы электростанцияның электр желілері оның алдында онсыз да апаттық деп саналғаны белгілі. Аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланып, жолдардың барлығы жабылып, техниканың жүруіне мүмкіндік болмаған. 7 ақпанда түнгі сағат 01:30 шамасында мамандар дабыл қағып, Хромтау ауданының әкімі Е.Әбдіровке хабарласып, жарық қосылмаған жағдайда үлкен шығынға ұшырайтынын, себебі Тассай, Ақжар, Табантал ауылдық округтерінде жарық болмаса, су құбыры желісі қатып, 5 мыңға жуық адам ұзақ уақытқа ауыз сусыз, жарықсыз қалатынын жеткізген. Сөйтіп, түнгі 02:30 шамасында боран болуына қарамастан, 4,5 шақырым жерге қарда жүретін көлікпен электромонтерді апарып, Тассай, Ақжар, Табантал ауылдық округтеріне жарық берген.Сол сәттердің бірінде Тассайдан 15 шақырымда орналасқан қиыршық тас зауытының басшысы жолдардың барлығы жабық болуынан, электр жарықтың, жылудың және байланыстың болмауынан зауыт жұмысшысымен 3 күннен бері хабарласа алмай отырғанын айтқан. Е.Әбдіров дереу қарда жүретін көлік тауып, боранда жолға шығып, Ақжар ауылының тұрғыны жұмысшы Николайды қар мотоциклімен ауылға аман-есен әкелген. Осылайша, Хромтау ауданының әкімі Ербол Амангелдіұлы өмірін қауіпке тіге отырып,  кәсібіне, адал, жанқиярлық ерлік көрсетті, өзгелерге үлгі болды.Осы айтылған мысалдар мемлекеттік қызметшілердің елге қызмет етудегі батылдығы мен шешімін көрсетеді. Жалпы, бұл айтылғандар бірер мысал ғана. Негізі, елге адал қызмет етіп, отбасын асырап, мемлекетіміздің дамуына барынша үлес қосып жүрген адал ниетті мемлекеттік қызметшілердің барлығын нағыз ерлер деп атауға болады. </p> <p><strong>– Сұқбат соңында мемлекеттік қызмет істеп, ел дамуына үлес қосқысы келетін жастарға айтар ақыл-кеңесіңіз болса?</strong>– Мемлекет басшысы «Жастарымыз­дың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі» деген еді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға қолдау жан-жақты қолға алынып жатыр. Агенттік дарынды, білімді, бастамашыл жастарды мемлекеттік қызметке тартуды тұрақты жолға қою–да. Сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастырудамыз. Жастардың бойындағы күш-қуат пен қабілетті елге қызмет етуге бағыттау біздің басты мақсатымыз. Халқымызда «ақыл жастан, асыл тастан» деген аталы сөз бар. Президент айтқандай, биік мақсатқа ұмтылған, еңбекқор, отаншыл жас буын – қашанда елдің арқа сүйер тірегі.Бәсекеге қабілетті, заманауи білім алу арқылы жастар еліміздегі адами капитал сапасының артуына үлес қоса алады.Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек» деген болатын. Әрбір жас адалдық құндылықтарын бойына берік орнықтырса, олардан үлкен үміт күтуге болады. Жастар жаңашыл. Олар әрқашан креативті идеяларға құштар. Табысты елге айналудың да кілті жастардың қолында. Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан реформаларды жүзеге асыруда жастардың қосар үлесі мол. Жауапкершілік пен кәсібилік, адалдық пен тазалық жастардың бойынан табылып жатса, ондай жастан болашақта мықты мемлекет қайраткері шығатыны күмәнсіз.<strong>– Әңгімеңізге рақмет!</strong></p> <p>дереккөз: <a href="https://anatili.kazgazeta.kz/news/63660">"Ана тілі" газеті</a></p>

Аймақтағы жаңалықтар