Demo Day: Энергетика министрлігі ОЭК үшін озық цифрлық шешімдерді таныстырды
2024 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) ұйымдастырған Demo Day шеңберінде Energy Tech платформасы («Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» АЖ (ОЭК ББМЖ) базасында жылыту кезеңінің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүйесін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – жаңа цифрлық жобаларды көрсету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жақсарту және халық пен бизнес үшін мемлекеттік функцияларды оңтайландыру үшін олардың тиімділігін талқылау.
Жүйе электрмен және жылумен жабдықтау объектілерін нақты уақыт режимінде келесі параметрлер бойынша қашықтықтан мониторингілеу мүмкіндіктерін ұсынады:
Энергетикалық жабдықтың жай-күйі;
Жалпы Қазақстан Республикасының энергожүйесінің жұмысы;
Жіберілетін электр және жылу энергиясының параметрлерін сақтау;
Жөндеулерді, инвестициялық бағдарламалар мен шекті тарифтерді жоспарлаудың, бекітудің және орындаудың ашықтығы.
EnergyTech-тің негізгі міндеті — активтерді басқару және энергия ресурстарын есепке алу, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен функцияларды ұсыну.
ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан Министрлік ЦДИАӨМ және Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп саладағы бизнес-процестерді оңтайландыру және деректердің цифрлық каталогын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану бойынша шешімдер әзірленуде. Ол үшін ОЭК-те ЖИ бойынша Акселерациялық топ құрылды, оған Министрліктің, ҚР ЦДИАӨМ ЖИ комитетінің және саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді.
Цифрландыру процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. EnergyTech құру жөніндегі жоба шеңберінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің (ТП БАЖ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отын-энергетика секторындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін (АКИАМО) қорғау мәселесін пысықтау ұсынылады.
Бұл шаралар энергетика саласындағы технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -