Демократиялық дамудың 30 жылы: Абай облысында мәслихаттардың 30 жылдығы аталып өтті
Семейде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған облыстық форум өтті. Шараға 450-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Тастекеев пен Айнұр Арғынбекова, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» ҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, сондай-ақ ардагерлер мен қазіргі барлық деңгейдегі депутаттар бар.
Форумда демократия мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтудағы мәслихаттардың рөлі зор екені атап өтілді.
«Мәслихаттардың құрылуы – еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі. Халық пен билік арасындағы «алтын көпір» болған бұл мемлекеттік институт елдік мүдде жолында өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Абай елі қайта түлеп, еңсе көтергенде де, біздің депутаттық корпус өзінің саяси белсенділігі мен жауапкершілігін көрсете білді. Орайы келгенде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан барша депутаттарға шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді», — деді өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Форум барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, министрліктердің, сондай-ақ облыс әкімінің және облыс мәслихаты төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан депутаттарға арнайы марапат – «Құрметті депутат» атағы берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -