ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҚАСЫ: 2025 ЖЫЛ ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ
Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша болжам ұсынылды. Алқаның жұмысына Министрліктің, республикалық клиникалар мен ғылыми институттардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерін, медициналық жоғары оқу орындары ректорларын, әкімдердің орынбасарларын қоса алғанда, 500-ден астам адам қатысты.
Алқа мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Ақмарал Әлназарова Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырғанын, денсаулық сақтау саласының алдына жаңа міндеттер қойғанын атап өтті.
Алқаның күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды: ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, салалық статистиканың жай-күйі және ұзақ мерзімді келісімшарттарды қоса алғанда, 2025 жылға арналған медициналық көмекті сатып алудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.Сұлтанғазиев ағымдағы жылдың шілде айында өңірлік ерекшелікті ескере отырып, негізгі индикаторлар мен іс-шараларды қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілгенін хабарлады. Алайда бірқатар индикаторлар жүйелік проблемаларға байланысты нашарлау жағына қайта қаралды, ал кейбір өңірлердің өз мақсаттарына жете алмау қаупі бар.
Индикаторлардың орындалу қорытындыларын шығара отырып, министр аудан/қала деңгейіне дейін бөле отырып, көрсеткіштер мен іс-шараларға жетудің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуді, бірқатар проблемалы өңірлерде ведомствоның бас штаттан тыс мамандарын тарта отырып, ҒЗИ, ҰО, медициналық ЖОО-лардың қатысуымен жұмыс топтарын құру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша Вице-министр Ержан Нұрлыбаев өз баяндамасында халықтың тығыздығын, климаттық-географиялық ерекшеліктерін және басқа да факторларды ескере отырып, ауылда медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.
Ауыл халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін министр ауылдық денсаулық сақтау үшін телемедициналық қызметтерді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді қарауды, ауыл халқына дәрілік қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ ауылда жас мамандарды тарту, бекіту және кәсіби бейімдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді, ауылдық денсаулық сақтаудың ерекшеліктерін ескере отырып, ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде тариф белгілеу саясатын жетілдіруді тапсырды.
Алқа отырысында талқылаудың үшінші маңызды тақырыбы халықтың денсаулығын қамтамасыз ету бойынша шешімдер құрылатын, ресурстар жоспарланатын және түрлі бағдарламалардың нәтижелері бағаланатын салалық статистиканың жай-күйі болды.
Медициналық статистиканың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін ведомство басшысы одан әрі өзектендіре отырып, салалық статистика саласындағы нормативтік актілерге ревизия жүргізуді тапсырды. Бұдан басқа, көпбейінді медициналық ұйымдардың базасында Ауруларды кодтау бюросының мамандандырылған орталықтарын құруды және осы бейін бойынша оқытылған мамандармен жасақтауды, медицина қызметкерлерін жаппай оқыту мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды тапсырды.
Отырыстың күн тәртібіндегі келесі тақырып жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) біліктілігін арттыру болды, бұл әсіресе еліміздің кейбір өңірлерінде мамандандырылған көмектің қолжетімділігі төмен жағдайларда маңызды. Биыл ЖОО-да 9 мыңнан астам ЖПД оқытылды, бұл дәрігерлердің жалпы санының 78%-ын құрайды.
«МСАК жалпы практикасы дәрігерлерінің құзыретін одан әрі күшейту және өңірлерді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2025 жылды – біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймын. Бұл ретте, біліктілікті арттыру тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамына да әсер етуі тиіс. Жұмысқа кірісетін жас мамандар үшін тәлімгерлікті бейімдеу және дамыту мәселесін пысықтау қажет», - деп атап өтті министр.
Осы бағыт шеңберінде практик дәрігерлер мен жалпы практика мейіргерлері үшін қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту, интерндер мен резиденттердің, болашақ мейіргерлердің білім беру бағдарламаларында практикада цифрлық технологиялар мен электрондық медициналық жүйелерді пайдалануды көздеу, «Жалпы дәрігерлік бағдарлама (Отбасылық медицина)» мамандарын даярлау бойынша интернатура мен резидентураның білім беру бағдарламаларын өзектендіру тапсырмалары берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -