Экология және адам құқықтары: Артур Ластаев Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ташкентте өтіп жатқан «Таза, сау және тұрақты қоршаған орта – адам құқықтарының сақталуының кепілі» атты халықаралық конференция қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Іс-шара Өзбекстан Республикасындағы Омбудсмен институтының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.Уәкіл Қазақстан мен Өзбекстанды ортақ тарих, мәдени дәстүрлер және берік достық қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті. Сондай-ақ, Өзбекстан Омбудсмені Феруза Эшматованы құқық қорғау институтының дамуындағы маңызды белесімен құттықтады.Конференция тақырыбына тоқтала келе, Артур Ластаев Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық құқықтарды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы аясында бірлескен күш-жігерді арттырудың маңыздылығына назар аударды.
«Бәрімізге белгілі, табиғат шекараларды мойындамайды. Экологиялық мәселелер бір ғана мемлекеттің шеңберінде шектелмейді. Бір елдегі табиғи апат басқа мемлекеттерге де әсер етіп, адамдардың өмір сүру сапасы мен денсаулығына ықпалын тигізеді. Сондықтан экологиялық проблемаларды шешу мемлекеттер арасындағы тығыз өзара іс-қимылды талап етеді», – деп атап өтті Артур Ластаев.
Сондай-ақ, омбудсмен экологиялық құқықтардың адам құқықтарымен тығыз байланысты екенін және қоршаған ортаны қорғауға кешенді көзқарас қажет екенін айтты.Ташкенттегі конференция экологиялық мәселелерді талқылау, озық тәжірибемен алмасу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаһандық сын-қатерлер жағдайында адам құқықтарын қамтамасыз ету жолдарын іздеу үшін маңызды алаңға айналды.Іс-шара бағдарламасында қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері мен сын-қатерлерін талқылауға арналған жетекші сарапшылардың баяндамалары, пікірталас алаңдары және тақырыптық сессиялар жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -