Энергетика министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті
2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты жиын аясында Қазақстан Республикасының Энергетикавице-министрі Әлібек Жамауов іс-шараға қатысушыларды құттықтап, кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін марапаттар табыс етті.
«Республикасы күні мерекесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдан бастап еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Бұл күні біз еліміздің бай тарихын, оның жоғары жетістіктері мен күрделі сынақтарды бағындыру жолын мақтанышпен және құрметпен еске аламыз.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикалық өсу қарқынының артқанын және оның ішінде мұнай-газ, энергетика салалары маңызды рөлдердің бірін атқарып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз.» - деп атап өтті Ә. Жамауов.
Іс-шара аясында ерекше көзге түскен қызметкерлерді ведомстволық грамоталармен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттар жұмыстағы жоғары жетістіктері, энергетика секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін берілді.
Марапаттардың қатарында – III дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Мұнай - газ саласының еңбек сіңірген қызметкері», «Атом саласының үздігі» төс белгілері, Премьер-Министрдің Алғыс хаттары, Энергетика министрінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары бар.
Іс-шараға Энергетика министрлігінің, «КЕGОС» АҚ,«Атыраумұнай» ЖШС, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС, «QazagGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ, «КАТЭК» ЖШС, «Caspian Engineering & Research» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, «КЕЗБИ» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «КОРЕМ» АҚ, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -