Елордалық оқушылар FIRST CHAMPIONSHIP іріктеу жарысында топ жарды
Шымкент қаласында USTEM Foundation ұйымдастыруымен ONTUSTIK FIRST CHAMPIONSHIP өңірлік жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа республикамыздың Алматы, Шымкент, Семей, Астана қалаларының оқушылары қатысып, FIRST TECH CHALLENGE санаты бойынша роботтарды құрап, тапсырмалар орындады.
Әр өңірден барған дарындылар ішінен Астана қаласы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің Venom командасы роботтар жарысында WINNING ALLIANCE PARTNER AWARD альянстар ойыны бойынша 1-орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарымызға осы жылдың 21-23 ақпанда өтетін Орталық Азия чемпионаты мен 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін Digital Almaty 2025 форумында роботтар жарысына қатысуға жолдамалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -