Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады
Жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасап, оны жұмыскерге келісуге жолдайды.
- Жұмыскерге шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile-да push-хабарлама келеді;
- Жұмыскер push-хабарламаға өтіп, өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды;
- Еңбек шартымен танысып еңбек шартына қол қояды.
Жүйе http://hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электрондық еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -