Хмельницкий көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда
Мердігер мекеме “Жерұйық консалтинг” ЖШС.Мердігер бұл жолды қыркүйекте толық аяқтап тапсыруға уәде берді. Жолының ұзындығы 747 метр, ені 7 метр болатын Хмельницкий көшесінің табаны төселді, енді 6 см ірі түйіршікті және 4 см ұсақ түйіршікті асфальт бетон жамылғысын төсейді. 685 метр тротуар салып, 36 дана көше шамдарын орнатады. “Біз Хмельницкий көшесінің күрделі жөнделуін 2023 жылы бастадық. Бірақ, бізге былтыр жұмысты тоқтатуға тура келді. Себебі осы көшеде тұрғындар канализация жүйесін қазып жүргізетіндерін айтты. Биыл жұмысты жоба мерзімі бойынша қыркүйек айында аяқтауымыз керек”, - деді “Жерұйық Консалтинг” ЖШС директоры Аслан Шәріпжанов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -