ҚХР-да ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу мәселелері талқыланды
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері құрылымдық бөлімшелері басшыларының бірінші отырысына қатысты.
Халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауапты ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Циндао қаласында өтті. Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің іс-шаралар бағдарламасын, күн тәртібін, хаттама жобаларын және бірлескен коммюникесін талқылады.
Отырыста бұған қоса, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері ынтымақтастық жоспарының жобасы да қаралды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -