Интернет арқылы зат сатып алу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
Қазіргі кезде интернет-дүкендердің танымалдығы артып келеді. Бұл ретте қауіпсіз сауда жасау үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
Қауіпсіз әрі тексерілген сайтты таңдаңыз
Тек қорғалған (сілтеме жолында құлып белгісі және HTTPS) сайттарды пайдаланыңыз. Ұзын сандар мен күдікті таңбалардан тұратын URL-мекенжайлардан аулақ болыңыз. Алаяқтар жиі танымал интернет-дүкендердің көшірмелерін жасайды, сондықтан сайт сілтемесін және SSL сертификатын тексеріңіз.
Қоғамдық Wi-Fi қолданбаңызАшық Wi-Fi желілері арқылы сауда жасамаңыз. Қаскүнемдер ашық желілер арқылы азаматтардың дербес деректерін алуы мүмкін. Тек жеке интернет байланысты қолданыңыз. Сонымен қатар өз құрылғыңыздың қауіпсіздік жүйесін пайдаланыңыз.
Жеке карта ашыңызИнтернет-дүкендер үшін бөлек карта пайдаланыңыз, оны негізгі шоттарыңызға қоспаңыз. Төлем алдында картаға қажетті соманы аударып, шығындарға шектеу қойыңыз.
Құрылғыға шектеу қойыңызЕгер сіздің гаджетіңізді балаларыңыз пайдаланса, барлық аккаунттардан шығып, қосымша қорғаныс қызметін қосыңыз (мысалы, App Store немесе Google Play арқылы растау). Сонда балаңыз кездейсоқ онлайн зат сатып ала алмайды немесе ақылы ойындарды жүктей алмайды.
Қауіпсіз төлем әдістерін таңдаңызСенімді дүкендер бірнеше төлем әдісін ұсынады, соның ішінде төлемді тауар жеткізілгеннен кейін жасау. Төлем жасалғаннан кейін чек пен тапсырысты растау хатының келгенін тексеріңіз. Қорғалмаған төлем шлюздерін пайдаланатын сайттардан аулақ болыңыз.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 10 89
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -