Көкшетау қаласы әкімінің бұйрығымен Саят Серікбайұлы Туралинов Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып тағайындалды
Көкшетау қаласы әкімінің бұйрығымен Саят Серікбайұлы Туралинов Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Саят Серікбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қаратал ауылының тумасы. Ол экономика және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімге ие. Мемлекеттік қызмет өтілі 12 жылды құрайды.
Еңбек жолын дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметінен бастады. Кейінгі жылдары мемлекеттік басқару саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аумақтық инспекциясы комитетінің кадрлық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы мәслихаты аппаратының басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -