Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, төтенше жағдай орын алған жерге барды.
Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, шетелдік әріптестерімен кездесуді, сондай-ақ штаб отырысын өткізуді жоспарлап отыр.
Барлық төтенше жағдайлар қызметтері, криминалист-эксперттер, прокуратура органдары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -