ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
шекара кеңістігінде 55 мыңнан астам Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, соның ішінде:324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
383 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 15 041 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:451 – есірткі заттары (2 тонна 300 кг астам);
886 – қару мен оқ-дәрілер;
455 – діни әдебиет (24 087 дана);
5 283 – жалпы сомасы 160 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
6 086 – жалпы сомасы 70 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
1 880 – жалпы сомасы 19 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 390 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:196 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 536 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
1 994 дана (11 379 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
87 814 дана (98 296 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
117 дана итбалығы. Алды алынған залал сомасы 4,6 млрд теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -