Катонқарағай ауылында алғашқы "Жас сақшы" кадет сыныбы ашылды
Кадет сыныбы С.Ластаев атындағы орта мектепте салтанатты түрде ашылып, 7-сыныптың 20 оқушысы қабылданды. Сыныпқа осы ауданның тумасы, Катонқарағай аудандық ішкі істер бөлімінің милиция жүргізушісі аға сержант Бағыбек Тікебаевтың есімі берілді. Ол 1994 жылы 3 қыркүйекте тергеу-қамауға алынған қылмыскерлерді айдауылдау барысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.
Кадет сыныбының ашылуы өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге, құқық қорғау органдарында қызмет етуге қызығушылықты арттыруға және оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған.
Оқушылар үшін полиция қызметкерлерінің киім үлгісіне сай форма дайындалды. Сынып қажеті құралдармен жабдықталды.
ШҚО Білім басқармасының келісімімен кадеттердің оқу бағдарламасына құқық қорғау қызметінің негіздері, алғашқы әскери дайындық, алғашқы медициналық көмек көрсету сынды қосымша пәндер енгізілді. Оған полиция қызметкерлері мен тиісті сала мамандары тартылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -