Конституциялық Сот: нормативтік-құқықтық түсіндірулер құқықтық айқындықты қамтамасыз етуі керек
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 29-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін қарады.
Жоғарғы Сот нормативтік қаулысының 29-тармағының дауланып отырған абзацтары соттардың Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 139-бабы 2-тармағының және 175-бабы 1-тармағының ережелерін сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту шарттары бөлігінде қолдануын түсіндіреді.
Конституциялық Сотқа жүгіну үшін соттың өтініш берушіге алимент мөлшерін төмендетуден оның материалдық жағдайының нашарлауын растайтын, алимент төлеуді бұрынғы мөлшерде қолдауға мүмкіндік бермейтін жеткілікті дәлелдемелер ұсынбауға сілтеме жасай отырып, бас тартуы себеп болды.
Конституциялық Сот мынаны көрсетті.
Жоғарғы Соттың дауланып отырған түсіндірмелері тұтастай алғанда ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайына байланысты барлық мән-жайларды жан-жақты және толық зерттеуге бағытталған Кодекстің 139-бабының 2-тармағына және 175-бабының 1-тармағына сәйкес келеді.
Азамат даулап отырған нормативтік қаулы материалдық жағдайдың өзгеруі алимент мөлшерін өзгертудің сөзсіз шарты емес екенін анықтайды. Түсіндірудің мұндай редакциясы іс жүзінде екіұшты түсінік тудырады.
Даулап отырған нормативтік қаулыда адамның жалақысы мен өзге де табысының 50 пайызына алимент ұстауды шектейтін Кодекстің 166-бабының, сондай-ақ әлеуметтік Кодекстің 203-бабы 3-тармағының, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 95-бабы 1-тармағының, Еңбек кодексінің 115-бабы 3-тармағының ұқсас ережелерінің қолданылуы түсіндірілмейді.
Конституциялық Сот Жоғарғы Сотқа сот практикасында заң деңгейінде белгіленген талаптарды сақтау бөлігінде өзінің түсіндірмесін толықтыруды ұсынды.
Конституциялық Сот өзінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін ата-ананың негізгі жауапкершілігі бөлігінде Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларацияның ережесін көрсетеді. Осыған байланысты Үкіметке кәмелетке толмаған балаларға алимент есептеу және өндіріп алу туралы заңнаманы, тиісті сот актілерін орындау тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.
Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың алимент өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы нормативтік қаулысының ережелерін Конституцияға сәйкес деп таныды.
КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769746?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -