Конституциялық Сот сот жүйесінің құралдары мен ресурстарын пайдалануда іс жүргізу тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды екенін еске салды
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотқа Азаматтық процестік кодекстің 434-бабы екінші бөлігі 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.
Бұл норма сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын істердің санаттарын белгілейді.
Бұған дейін сот өтініш берушінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша оны банкрот деп танып, банкроттық рәсім қозғалған болатын. Өтініш беруші «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 89-бабына сәйкес тағайындалған банкроттық басқарушы сотқа өзі мен оның жұбайы арасындағы неке шартын үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару ниетімен жасалған неке шарты ретінде жарамсыз деп тану туралы жүгінді. Сот шешімімен неке шарты жарамсыз деп танылады, ал кейіннен апелляцияда өтініш берушінің сот шешіміне шағымы қанағаттандырусыз қалдырылып, істердің осы санаты кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтыны көрсетілген.
Өтініш берушінің пікірінше, осындай сот істері үшін тиісті ерекшелікті көздейтін, дау айтылып отырған АПК-нің 434-бабы екінші бөлігі 5) тармақшасының нормасы оның сот арқылы қорғалуна конституциялық құқығына қайшы келеді. Өтініш беруші өз ұстанымын сот шешімдерімен келіспейтінімен негіздеді.
Конституциялық Сот өтініш берушіге оның нақты мән-жайларға баға бермейтінін еске салып, АПК-де белгіленген реттеуге әркімнің сот арқылы қорғалу құқығымен үйлеспейді деп баға беруге болмайтынын, өйткені ол заңды күшіне енген құқыққа сыйымды әрі әділ сот актілерінің орындалу тұрақтылығына, сот жүйесі құралдары мен ресурстарын пайдаланудың процестік тиімділігіне ықпал ету мақсаттарын көздейтінін көрсетті. Құқықтық реттеу кассациялық іс жүргізу мақсаттарына, құқықтық табиғаты мен мәніне мөлшерлес болуға тиіс. Тиісті құқықтық ұстаным бұған дейін Конституциялық Соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-НҚ нормативтік қаулысында егжей-тегжейлі баяндалған болатын.
Алдын ала зерделеу нәтижелерін ескере отырып, өтініш берушінің дәлелдері даулы норманы тексеру үшін жеткіліксіз деп танылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -