Конституциялық Сот: қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тарту туралы нормаларды қарауға құқықтық негіз жоқ
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотқа Қылмыстық кодекстің 26-бабының бірінші және екінші бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.
Қылмыстық кодекстің аталған нормаларына сәйкес, егер оның әрекетінде (әрекетсіздігінде) өзге қылмыстық құқық бұзушылық құрамын болмаса, қылмыстық құқық бұзушылықты соңына дейін жеткізуден өз еркімен және түпкілікті бас тартқан адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Өтініш беруші бұл нормаларда қылмыстық әрекеттерді тоқтату сәті нақты айқындалмағанын, бұл соттарда құқық қолдану практикасының түрлі түсіндірілуіне әкелетінін және оның заң мен сот алдындағы теңдік құқығын бұзатынын алға тартады.
Өтініш беруші дауланып отырған норманы қайта қарау талабын сот үкімі негізінде ұсынылған дәлелдерге сүйене отырып, өз әрекетіне берілген құқықтық бағаға келіспеуімен негіздеді. Осыған байланысты Конституциялық Сот өтініш берушінің уәждері тікелей іс жүзіндегі мән-жайларға қатысты екенін және оларды қарау мен бағалау оның құзыретіне кірмейтінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -