Конституциялық Сот: заң шығарушы сот төрелігінің қол жетімділігі мен тиімділігі арасында ақылға қонымды теңгерім табуға тиіс
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Cот азаматтың Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі – АПК) 434-бабы екінші бөлігі 3) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.
АПК-нің аталған нормасында талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға шектеу белгілейді.
Өтініш субъектісі бұл шектеуді өзінің мүліктік жағдайын ескере отырып, өзін сот арқылы толыққанды қорғалу құқығынан айыратын кемсітушілік деп есептейді.
Конституциялық Сот мынаны көрсетті.
Заң шығарушы бұл мәселеде Конституция шегінде, әсіресе, адамның кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына қатысты құқық үстемдігі призмасы арқылы ақылға қонымды дискрецияны қолдана алады
Заң шығарушы өзінің дискрециялық өкілеттігін қолдана отырып, Конституция нормаларының шегінде әрекет етуге тиіс.
Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына назар аударады, онда 2027 жылғы 1 шілдеден бастап АПК-нің 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасын алып тастау көзделеді.
Конституциялық Сот заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексерудің заң деңгейіндегі ықтимал жаңа тәсілдері мен рәсімдері, олар белгіленген жағдайда, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің конституциялық мақсаттарына барынша сай келуге және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру және құқық үстемдігі мақсатында заңнаманы түсіндіру үшін іргелі маңызы бар құқық мәселелерін шешу міндетіне сәйкес келуге тиіс екенін атап өтті.
Тексеру қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Азаматтық процестік кодекстің 434-бабы екінші бөлігінің 3) тармақшасын Конституцияға сәйкес деп таныды. Сонымен қатар, Үкіметке азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.
КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769436?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -