Конституциялық Сотта еңбек шартын бұзу тәртібінің Конституцияға сәйкестігін қарау бойынша отырыс өтті: Астана қаласы, 09 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Конституциялық Сотта еңбек шартын бұзу тәртібінің Конституцияға сәйкестігін қарау бойынша отырыс өтті

Конституциялық Сотқа азаматтан «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 27-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

Даулы норма: егер сот Еңбек кодексінің 50-бабы 3-тармағында көзделген тәртіппен тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бұзылған адамды жұмысқа қайта алу туралы дауды қарау кезінде еңбек шартында жұмыскердің келісімі бойынша жұмыс берушінің еңбек шартын жұмыскерге хабарлама жібермей және бұзу күнін нақтыламай, бірақ мөлшері еңбек шартында айқындалатын өтемақы төлей отырып бұзу құқығы көзделген деген тұжырымға келсе, жұмыскер жұмысқа қайта алынуы мүмкін емес.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Заңымен Еңбек кодексінің 50-бабының 3-тармағы алынып тасталғанына қарамастан, дау туғызған Жоғарғы Сот нормативтік қаулысының 27-тармағы аталған өзгерістерге сәйкес жаңартылмаған.

Өтініш берушінің пікірі: норма еңбек бостандығына, оның қызметі мен кәсібін еркін таңдау құқығын тікелей шектейді, сондай-ақ Конституцияда бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін нормативтік құқықтық актінің конституциялық емес нормасын қолдану салдарынан тиісті сот қорғауының жоқтығы байқалады.

Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар: Өтініштің авторы және оның адвокаты, Бас прокуратураның, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері.

Судья-баяндамашы: Сәрсембаев Е.Ж.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk) заңның 65-бабына сәйкес соттың ресми сайтында және «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.

Телеграмм КС -

https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар