Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның отырысы
ҚР Энергетика министрлігінде вице-министр Ә.Жамауовтың төрағалығымен мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиясының отырысы өтті. Кездесу барысында осы салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.ҚР Энергетика министрлігі дайындаған «Мұнай-газ саласының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2025 жылға арналған Салалық комиссия жұмысының негізгі бағыттарын» бекіту туралы шешім қабылданды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кәсіпорындардағы еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылдайтын шараларға ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы еңбек жанжалдарының алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.Салалық комиссия отырысында «Тиімді әлеуметтік әріптестік біздің саладағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады», — деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі А.Ж. Жамауов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -