"Лудомания" тақырыбында дәріс өткізілді
024 жылғы 29 қазанда Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі-Комитет) әдеп жөніндегі уәкілі С. Г. Аганасова "Лудомания" тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс лудомания синдромы, гемблинг (құмар ойындарға патологиялық бейімділік, ойынға тәуелділік) туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Дәріс барысында патологиялық гемблерлердің түсініктері ашылды, гемблерлердің қалыптасуының негізгі себептері, сондай-ақ гемблингке бейім факторлар келтірілген.
Сонымен қатар, дәріс аясында лудоманияға тарту механизмдері, гэмблингтің даму кезеңдері, лудоманиядағы ойлау қателіктері, құмар ойындарға патологиялық тартымдылықты қалыптастыру кезеңдері бойынша жіктеу, құмар ойындарға тәуелділік қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелетіні талқыланып, сонымен қатар ойынға тәуелділік бұзылыстарын емдеу (дәрі-дәрмек және психотерапия) мәселесі көтерілді.
Сонымен қатар, отбасында да, жұмыс орнында да лудоманияның алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Өткізілген дәріс соңында әдеп жөніндегі уәкіл заңнаманың нормаларын түсіндірді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу көзделген.
Бұл ретте, 2024 жылғы наурызда "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде өзін-өзі шектеу жөніндегі сервис іске қосылды.
Сонымен, Комитет қызметкерлері жоғарыда аталған қосымша арқылы онлайн форматта құмар ойындарға өз еркімен қатысуды шектеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -