Мұғалжар ауданында салынып жатқан 14 үйдің құрылыс барысын назарларыңызға ұсынамыз
Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалды. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді.
Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр.
Құрылысқа «Айлин СтройПроект» ЖШС жауапты.
Сонымен қатар Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 55 отбасы баспаналы болды.
Баспаналы болған 55 отбасы - көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласы, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларға барлығы 971 млн. 712 мың теңгеге Болат Өтемұратов, «Қамқор Ақтөбе - 2024» және «Dar Charity» қоғамдық қорлары арқылы үйлер сатып алынып берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -