⚡️ Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстарын жалғастыруда.Осылайша, Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/ihJV7qEh7t0Apg#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -