Мәди Такиев: Бюджетке халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді: Астана қаласы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мәди Такиев: Бюджетке халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Заң жобасын талқылау барысында құжатқа халықтың өмір сүру сапасын арттырып, өңірлерді дамытуға бағытталған түзетулер енгізілгені айтылды.

2025 жылы ҚР бюджет түсімдері 21,7 трлн теңгеге артады (осы жылдың жоспарына өсім - 1,2 трлн теңге). Бұл ретте тапшылық біртіндеп төмендейтінін айта кетейік: 2025 жылы бұл көрсеткіш ІЖӨ-ге шаққанда 2,7% деңгейінде болжанса, 2027 жылға қарай ол ІЖӨ-нің 1,9% мөлшеріне дейін төмендемек.

2025 жылға арналған түсімдер мен тапшылықты ескере отырып, бюджет шығыстары былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңге деңгейінде болады деп жоспарланған.

«Заң жобасын талқылау барысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар түзету енгізілді. Оның ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жылу, электр энергетикасы, көлік инфрақұрылымы жүйесін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, өңірлерді көркеуйту, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру шығындары қосымша қарастырылып отыр. Сонымен қатар шығармашылық ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеру, ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу шығындары да қарастырылған», деді Мәди Төкешұлы.

Шығыстардың ең үлкен бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі. Оның шығыстардың жалпы көлеміндегі көрсеткіші 2025 жылы 38% болады. Бұл бағытқа 9,8 трлн теңгені бағыттау жоспарланып отыр (осы жылдағы өсім - 862 млрд теңге).

Біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру және еліміздің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Мәселен, 2025 жылға арналған әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар әлеуметтік төлемдерді индекстеу мен төлем алушылар санын ұлғайтуды ескерсек, 6 трлн теңге мөлшерінде көзделген.

Екіншіден, білім беру саласы дамытуға басымдық беріледі. Аталған бағытқа 2025 жылы шығыстар 73 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн теңгеден асатын болады.

Үшіншіден, денсаулық сақтау жүйесіне көңіл бөлінеді. Халық санының өсімі мен науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды арттыру қарастырылып отыр. 2025-2027 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласындағы шығыстар 7,6 трлн теңгеге жетеді. Айталық, 2025 жылы оның мөлшері 180 млрд теңгеге өсіммен 2,4 трлн теңге болмақ.

Тұтастай алғанда, ТМККК шығыстарының көлемі 2025 жылы 1,6 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. МӘМС-ке 675 млрд теңге бөлу қарастырылған, оның ішінде мемлекет жарналарын төлеуге 668 млрд теңге (11,7 млн адам) бағытталады.

Төртіншіден, туризм саласына басымдық беріледі. Туризм мен спортты дамытуға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2025 жылы – 141 млрд теңге. Мәдениет пен ақпарат саласына – 165 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған.

Парламент Мәжілісі депутаттарының түзетулерін ескере отырып, 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет есебінен 7,5 трлн теңге (405 млрд теңгеге ұлғаюмен) бөлінетін болады.

Көлік саласын дамытуға 568 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде автожол саласын реттеуге 423 млрд теңге қарастырылған.

Су ресурстарын тиімді басқаруға 137 млрд теңге бөлу көзделген (өсім - 51 млрд теңге немесе 2024 жылмен салыстырғанда 59%), 2026 жылы бұл салаға 68 млрд теңге, 2027 жылы 54 млрд теңге бағытталады.

2025 жылы еліміздің күштік құрылымдарының шығыстары 109 млрд теңгеге ұлғайып, 2,7 трлн теңге көлемінде болады деп көзделген.

«Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2025 жылы 2,1 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса назар аударылып отыр. Биылғы кезеңмен салыстырғанда келесі жылы бұл бағытқа 30% өсіммен 635 млрд теңге бөлінетін болады. Заң жобасы Мәжілісте кеңінен талқыланды. Құжат Парламенттің жұмыс топтары мен комитеттерінің 22 отырысында қаралды. Депутаттардың 250-ден астам сұрағына тиісті жауаптар ұсынылды. Барлық фракциямен үлкен жұмыс жүргізілді. AMANAT фракциясының кеңейтілген отырысы өткізілді. Депутаттар көтерген мәселелер, атап айтқанда өңірлердің қажеттіліктері барынша ескерілді. Нәтижесінде 400 млрд теңгеден астам қаражат басым бағыттар бойынша қайта бөлінді», деп түйіндеді М.Такиев.

Ақпарат көзі: Министерство финансов Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар