МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 13 наурызда сағат 10.00-де аудандық мәдениет үйінде (Мырзакент кенті,С.Қожанов көшесі №17), жеке қабылдауы сағат 11.00-де аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында (Мырзакент кенті,С.Жаштаев №81) өтетінін хабарлаймыз!
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99,
5-93-97 байланыс телефондар және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 11 наурызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -