Құмар ойындарын ойнау және Әдеп кодексінің нормаларын бұзу мемлекеттік қызметшілер үшін қандай қауіп төндіреді
Әдеп кодексінің нормаларын және лудоманиямен күрес саласындағы жаңа түзетулерді бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қандай жауапкершілік жүктеледі. Осы және басқа да мәселелер Жоғары аудиторлық палата қызметкерлерінің Әдеп жөніндегі уәкіл Заңғар Шындалимен кездесуінде талқыланды.
Бұған дейін Қазақстанда құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Енді бұл Борышкерлердің бірыңғай тізіліміндегілерге ғана емес, сонымен қатар жауапты мемлекеттік лауазымдардағы қызметкерлерге де қатысты.
«Мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде әскери қызметшілерге, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынады. Бұл шектеу мемлекеттік органдардың қызметіндегі қоғамдық сенім мен ашықтықты күшейтуге бағытталған. Бұл талапты сақтамағаны үшін жұмыстан шығару қарастырылған», — деді Заңғар Шындали кездесу барысында.
Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік қызметшінің міндеттеріне өз функцияларын кәсіби орындау ғана емес, қоғам алдында жоғары жауапкершілік таныту кіреді. Бұл тармақтар тиісті Әдеп кодексінде толық көрсетілген.
Осылайша, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстығын көрсетуге, жеке мүдделері қызметтік міндеттерін орындауға әсер етуі мүмкін жағдайлардан аулақ болуға, жұмыстағы өз іс-әрекеттерінде адалдық пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алуға, сондай-ақ әріптестерімен сыйластық қарым-қатынас орнатуға міндетті.
«Әдеп нормаларын бұзу жұмыстан босатуға дейінгі тәртіптік жауапкершілікті әкелуі мүмкін», — деп атап өтті ҚР Жоғары аудиторлық палатасының әдеп жөніндегі уәкілі.
Кездесу барысында қатысушылар жұмыс уақытынан тыс мінез-құлық, киім кию үлгісінде іскерлік стильді сақтау, Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық мүддеге адалдыққа, әділдікті қамтамасыз етуге және еліміздің мәдениетінің алуан түрлілігіне құрметпен қарауға негізделген. Біздің қызметіміздің маңызды бөлігі қоғамның мемлекеттік органдарға, әсіресе Жоғары аудиторлық палатаға деген сенімін арттыру болып табылады», — деп қорытындылады Заңғар Шындали.
Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -