Медеу ауданында 45 мыңнан астам бизнес нысаны жұмыс істейді
2024 жылы Медеу ауданының бюджеті 12,8 млрд теңгеден 37,4 млрд теңгеге немесе 34,2%-ға ұлғайтылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Мегаполис басшысы қаражат аудан тұрғындарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге жұмсалатынын атап өтті. Медеу ауданы — мегаполистегі ең үлкен аумақ, ол Алматының қаржы әрі бизнес орталығы. Аудан аумағында 45 мыңнан астам бизнес субъектілері белсенді жұмыс істейді. Олар осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бюджетке 250 млрд теңгеден астам қаржы құйды.
Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында ауданда құрылыс жұмысының көлемі 13,3%-ға ұлғайды, негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5%-ға өсіп, 133 млрд теңгеге жетті. Экономиканың қарқынды дамуы 4 387 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -