Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын қабылдады
2024 жылдың 24 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің жаңа Төрағасы Д.М.Малаховты қабылдады.
Отырыс барысында Жоғары Сот Кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сот корпусын жетілдіру мен жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға және судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған мәселелер талқыланды.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қазіргі таңда судьяларға қатысты кадрлық мәселелердің бәрін қарайтын Кеңестің рөлін күшейтуде барлық бизнес-процестер мен конкурстық іріктеу жұмыстарын цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғандығын жеткізді.
Кеңес төрағасы, сондай-ақ, 2025 жылдың 1 шілдесінен кассациялық соттар өз жұмыстарын бастайтынын хабарлады. Бұл уақытқа дейін Кеңес судьяларды іріктеп, олардың құрамдарын жасақтайды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -